jasqazaq.kz

Колледж студенті синтетикалық есірткі мен гашиш сатқан

06 ақпан 2020, 17:49

Орал қаласында есірткілік заттарды сақтады деген күдікпен колледж студенті ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Оның тұрғылықты жерін тінту барысында бөлшектеп салынған «Альфа ПВП» синтетикалық есірткі заты және гашиш табылды. Одан есірткі заттарынан бөлек, бірнеше ұялы телефон, банктік карталар, электронды таразы және буып-түюге арналған материалдар алынды», — деді министрліктен.

Тергеу барысында белгілі болғанындай Оралдың 19 жастағы тұрғыны танымал мессенджер арқылы есірткі саудасын ұйымдастырған. Сатуға арналған есірткіні интернет арқылы тапсырыс беріп, оны жүзбе-жүз кездесуді қажет етпейтін жолмен алып отырған. Содан кейін есірткіні өз пәтерінде бөліп, буып, белгілі бір жерге жасырып кету арқылы таратқан. Күдіктінің телефонынан есірткі жасырылған барлық мекенжайлар, геобелгілер және фотолар алынды. Соңғы екі айда Орал және Ақтөбе қалаларында барлығы 50-ге жуық жасырылған орын анықталған.

«ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша (есірткі заттарды, психотропты заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта есірткіні белгілі бір орынға жасырып кету функциясын жүзеге асырған тұлғаларды анықтау, дәлелдемелік базаны бекіту және ҚР ҚК-нің 297-бабының 4-бөлігі бойынша (есірткіні электронды ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы өткізу) жаңа айып тағу үшін тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде», — деді ведомстводан.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия