jasqazaq.kz

Колледж студенті Қазақстан аруы атанды

11 желтоқсан 2016, 0:04

«Қазақстан аруы-2016» атағын қызылордалық Гүлбану Әзімхан жеңіп алды, деп хабарлайды.

«Қазақстан аруы-2016» Ұлттық байқауының финалы Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. 30 қарашадан бері республика бойынша SMS арқылы және «Қазақстан аруы» ресми сайтында дауыс беру жүргізілді.

Tengrinews.kz хабарлағандай, Қазақстанның ең әдемі қызына тәжді Мәжіліс депутаты әрі қазылар алқасы Зағипа Балиева тақты.

Байқау жеңімпазы бес миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болды, сонымен қатар, ол «Әлем аруы-2016» халықаралық байқауында Қазақстанның абыройын қорғайтын болады.

Бірінші вице-ару атағына «Астана аруы» Елназ Нұрсейітова лайықты деп танылды, екінші вице-ару атағын «Көкшетау аруы» Жанара Найманбаева алса, «Өскемен аруы» Анастасия Усольцева үшінші вице-ару болды.

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левиттің қазылар алқасының құрамында болуы күтпеген тосынсый ретінде қабылданды. Танымал спортшы қатысушыларға сәттілік тілеп, финалда барлығының жеңгенін айтты.

Қазылар алқасының құрамына «Қазақстан аруы» конкурсының президенті Алена Ривлина-Кырбасова, көрермендерге ұмытылмас шоу болатынын уәде еткен мәжіліс депутаты Зағипа Балиева, «Elle Kazakhstan» бас редакторы Карина Ысқақова, «Астана Опера» балет труппасының директоры Тұрсынбек Нұрғалиев, «Алтын орда» компаниясының жетекшісі Ырза Тұрсынзада, Астана мәслихатының депутаты Асхат Оралов, актер, шоумен әрі әнші Әнуар Нұрпейісов кірді.

 

Шоу шын мәнінде ұмытылмастай болды, қыздар дәстүрлі «Дарындар шоуымен» қатар, шағын қойылымдар қойды, бұл қойылымдарында Әлия Молдағұлова, Күләш Байсейітова, Дина Нұрпейісова сияқты Қазақстанның атақты әйелдерін сомдады.

Қазылар алқасының және халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша үздік сегіздікке алматылық Гүлжан Дәулетова, астаналық Елназ Нұрсейітова, көкшетаулық ару Жанара Найманбаева, Қостанайдың ең әдемі қызы Айткүл Нұрманова, қызылордалық Гүлбану Әзімханова, талдықорғандық Аруна Сағатбекова, өскемендік Анастасия Усольцева және тараздық Қымбат Бертай кірді.

 

Еске салайық, «Қазақстан аруы-2016» байқауына Қазақстанның 18 қаласынан 25 ару қатысты. Конкурсқа әр қаладан арулар және «Instagram аруы» конкурсының жеңімпазы қатысты.

Айта кетейік, дауыс беру кезеңінде қатысушылар құрамында өзгерістер болды. Мәселен, 7 желтоқсанда «Көкшетау аруы-2016» Жанара Найманбаева 25-ші финалист атанды. Ол «Қарағанды аруы-2016» Мария Пятинаның орнына қатысатын болды. Пятина ота жасатқандықтан, конкурстан шығып қалған болатын.

28 мамыр, 17:07
Алматы облысында төтенше жағдайларға қарсы қандай жұмыстар жүріп жатыр?
28 мамыр, 14:21
Туристический потециал Отырара: новый взгляд на древнее наследие
28 мамыр, 14:02
В Туркестанской области введены в эксплуатацию 29 «Комфортных школ»
28 мамыр, 14:00
Туркестанская область - лидер по краткосрочным экономическим показателям
28 мамыр, 13:59
Туркестан: Ведется строительство солнечной электростанции мощностью 300 МВТ
28 мамыр, 13:57
30 предприятий Туркестанской области приняли участие в выставке «ULTTYQ ÓNIM - 2026»
28 мамыр, 13:52
Туркестан: в Ордабасинском районе откроется завод по переработке костей крупного рогатого скота
26 мамыр, 16:59
Как формируется интерес студентов к чтению книг в Туркестане?
26 мамыр, 16:54
Эльмира Идрисова: Главная цель университета — подготовить учителей нового формата