jasqazaq.kz

Колледж қызметкерлері студент қыздарға зомбылық көрсеткен

26 қазан 2018, 10:54


Колледж қызметкерлері студент қыздарды зорлады деген күдікке ілінді Өзбекстандағы Ферғана облысының құқыққорғау органдары Қоқан қаласы колледжінде бірнеше студент қыздың зорлануына қатысты тергеу жүргізе бастады.

КТК  жазғандай, Қоқан қаласы арнайы жеңіл өнеркәсіп колледжінің бір қызметкерінің айтуынша, білім мекемесінің бірнеше қызметкері мен мұғалімдері 24 қыркүйекте қалалық прокуратураның тергеуіне қатысқан. «16 жастағы студенттің аяғы ауыр екені мәлім болған соң, студенттер арасында анонимді сауалнама жүргізілген. Соның нәтижесінде бірнеше студент колледжде қыздардың зорланғаны туралы мәліметтер алынған», — деді колледж қызметкері. 15-20 қазанда Қоқан қаласының прокуратурасы колледждің қаржы, ұйымдастыру және тәрбие беру қызметін тексерген. Соның нәтижесінде колледж директоры ақша жымқырған деген күдікпен ұсталды. Ал оның көлік жүргізушісі мен колледж кұзетшісі, жастар лидері және психолог сексуалды зорлық жасады деген күдікпен қамауға алынды. «Үш күн бойы қоқан милициясы күдіктілерді азаптаған. Соның салдарынан көлік жүргізушісі мен күзетшіні «жедел жәрдем» алып кетті. Олар жастар лидерін де азаптап, студент қыздарды зорлағаны туралы куәлік алған. Біз алдағы уақытта олардың өтірігі ашылады деп үміттенеміз», — деді колледж қызметкері. Қазіргі таңда колледждің 80-нен астам қызметкері жұмысқа шықпай отыр. «Оларға өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыз қалдыруын сұраған. Білім басқармасы мұнда басқа мектептерден мұғалімдер жіберген. Бірақ біздің колледж арнайы білім беретіндіктен, қиындықтар туындап жатыр», — дейді колледж қызметкерлерінің бірі.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді