jasqazaq.kz

Көліктің қосымша жабдықтарын мәжбүрлеп қоса сатқан дилер 4,7 млн теңгеге дейін айыппұл төлейді

26 мамыр 2022, 11:30

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңда мәжбүрлі ассортиментпен тауарларды сатуға тыйым салынған және бұл ахуал тұтынушылар құқығын қорғау органдарының араласуына негіз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер мұндай әрекеттер осы жабдықты жеткізуші басқа да нарық субъектілеріне залал келтірсе немесе залал келтіруі мүмкін болса, бұл монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы болып саналады. Жеңілдетілген несиемен көлік алу барысында осындай құқызбұзушылық жасаған автодилер 200-ден 1500 АЕК-ке дейінгі, яғни 4 млн 770 мың теңгеге дейінгі сомада айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Немесе субъектіні нарықта үстем ретінде танығаны үшін монополиялық кірісі тәркіленіп, табысының (түсімнің) 3-тен 5 %-на дейінгі мөлшерінде айналым айыппұлына әкеп соғады», — деп жазды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен.

Монополияға қарсы орган автодилерлерге тұтынушыларға қосымша жабдықтарды қоса сату деректеріне жол бермеуді е скертеді. Қазіргі таңда жеңіл автомобильдерді бастапқы бөлшек саудада өткізу нарығын талдау шаралары басталып кетті.

Автомобильдерді сату кезінде қосымша жабдықтарды күштеп таңу фактілері орын алған жағдайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және монополияға қарсы органдарға жүгіну керек.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр