jasqazaq.kz

Көліктің енді электрондық паспорты болады

05 наурыз 2018, 10:28

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда көлік құралдарының электронды паспорты енгізіледі. Бұл туралы Қазақстан автобизнес ассоциациясының Facebook желісіндегі парақшасында айтылады.

Электронды паспорт арқасында автомобиль «өмірінің» толық тарихын, оның ішінде шектеулер мен қиындықтары, техникалық қызмет көрсету сапасы мен көлемі, көлік құралдарының жол-көлік оқиғаларына түскен-түспегені жайлы мәліметтер беріледі. Электрондық паспорт Еуразиялық экономикалық одақта құжат рәсімдеуді оңайлатады және бизнестегі операциялық шығындарды азайтады, сондай-ақ, көлікті пайдаланудың барлық кезеңінде ашықтығы мен қалай күтілгені жайлы мәліметі болады. Электронды паспортқа көліктің немесе мотоциклдің өндіріліп, ЕАЭО-ға кірген уақытынан бергі тарихы жазылады. Бұл құжаттарды қолдан жасау мүмкіндігін жояды деп күтіледі. Болашақта мінілген көлікті сатып алғысы келген адам оның тарихымен арнайы порталдан көре алады. «Электрондық паспортқа бірте-бірте өтеміз. Паспорт ЕАЭО елдеріне бірдей болады», — делінген хабарламада.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде