jasqazaq.kz

Көлікті жеңілдетілген несиемен қалай алуға болады?

07 ақпан 2018, 11:38

Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасы Ұлттық қордың 8 миллиард теңге сомасындағы қосымша қаражаты есебінен кеңейеді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі «Қазақстан даму банкі» АҚ сайтына сілтеме жасап. Сайттағы мәлімет бойынша, «Қазақстан даму банкі» АҚ Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының шеңберінде Ұлттық қор қаражатының 8 миллиард теңге сомасындағы үшінші траншын екінші деңгейдегі бес банкке (ЕДБ): Halyk Bank, Евразиялық банкке, «Ресей жинақ банкінің» Қазақстандағы еншілес банкіне және «ЦентрКредит» банкіне 1 миллиард 875 миллион теңгеден, ВТБ еншілес банкіне (Қазақстан) — 500 миллион тенге жіберген.

Сонымен қатар, ҚР азаматтары-жеке тұлғаларына Қазақстанда шығарылатын жеңіл автокөлікті сатып алуға кредит берудің қазіргі шарттары былай деп көрсетілген: сыйақының номиналдық мөлшерлемесі — жылдық 4 пайыздан аспайды, кредит беру мерзімі — 7 жылдан аспайды, қарыз валютасы — теңге, жеңіл автокөліктің бір бірлігінің құны — 15 миллион теңгеден аспайды. Ал бастапқы жарнаның мөлшерін коммерциялық банктер дербес белгілейді. Қарыз алушыларға бағдарлама шеңберінде автокөліктердің Kia, Chevrolet, Skoda, Hyundai және тағы басқа сияқты брендтерінің 60 моделі ұсынылған, оларды құрастыру «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС және «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорындарында жүзеге асырылады.

Айта кетейік, Қазақстанда 2015 жылғы сәуірде бастау алған, жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы 20 жылға есептелген. Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде бөлінетін Ұлттық қордың қаражаты Бағдарламаны қаржыландыру көзі болып табылады. Бұған дейін Бағдарламаны іске асыруға Ұлттық қордың жалпы сомасы 26 миллиард теңге екі траншы жіберілген болатын, оларды Бағдарламаға қатысушы ЕДБ толығымен игерді. Жеңілдікпен автокредит беру қаражатының есебінен 10 000-нан аса қазақстандықтар отандық өндірістің жаңа автокөліктерін сатып алды. Берілген қарыздардың жалпы сомасы қайталап игерілген қаражатты есептегенде, бүгінгі таңда 39 миллиард теңгеден асады. Қарыз алушыларға кредит беру револьверлік сипатты иеленеді, яғни жұмыс істеп тұрған кредиттерді өтеуден түсетін төлемдер жаңадан автокредит беруге жұмсалады.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды