
Қазақстанда автокөлік тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру техникалық ақаулар салдарынан уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанда көлікті тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру тоқтатылды
«Техникалық ақауларға байланысты мамандандырылған ХҚО-лар мен әкімшілік полицияның тіркеу-емтихандық бөлімдерінде көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ақау жөнделгенге дейін уақытша тоқтатылды», — делінеді хабарламада.
Комитеттегілер қолайсыздықтар үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.