jasqazaq.kz

Көліктен ұялы телефон ұрлаған адам ұсталды (Видео)

13 мамыр 2021, 16:27

Алматы полициясы көлік ішінен ұрлық жасаған адамды ұстады. Ұялы құрылғының иесі көлікті тұраққа қалдырып, бірақ терезені жабуды ұмытып, көліктен шығып кеткен.

Бұл жағдайды пайдаланған қаскөй көліктің артқы орындығындағы қымбат ұялы телефонды көріп, оны қалтасына салып алып кеткен.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде телефон ұрлығын жасаған күдікті анықталып, ұсталды. Ол Маңғыстау облысының 40 жастағы тумасы болып шықты. Өз кінәсін мойындады. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталушының қала аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сонымен қатар, спикер қазіргі уақытта ұрлық ықтималдығын барынша азайтуға мүмкіндік беретін меншікті қорғаудың бірнеше әдісі бар екендігін атап өтті.

– Сәттілікке сенім артуға болмайды, қиындықтан қорғанудың қарапайым тәсілдерін қолданған жөн. Кілттерді көліктің оталдыратын жерінде қалдыру, автокөліктің есігін жаппай кету немесе терезені ашық қалдыру түріндегі немқұрайлылық көлік ішінен немесе көлік құралының өзінің ұрлану қаупін арттырады. Ал қорғалмаған көлік ұры үшін оңай олжа. Сондықтан полиция Департаменті қырағылық танытып, құнды заттарды қараусыз қалдырмауға қатаң кеңес береді, – деп түйіндеді Б. Әбілбеков.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия