jasqazaq.kz

Көліктен ақша ұрлаған оқушы ұсталды (Видео)

02 желтоқсан 2021, 16:32

Жарты миллион теңге ақша ұрлаған өскемендік оқушыны полицейлер қол іздері арқылы тауып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қараша айының ортасында Өскемен қ. Полиция басқармасы Үлбі ПБ “102” жедел арнасына облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны хабарласып, сол күні кешкі уақытта белгісіз адам үйінің ауласында ашық тұрған ВАЗ көлігінің салонынан қомақты қаражатты ұрлап кеткені туралы айтқан. Келтірілген залал 510 мың теңгені құрады. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қаскөйдің саусақ іздерін анықтады, сондай-ақ ұрлық жасалған сәт “Сергек” аппараттық-бағдарламалық кешенге түсіп қалған.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен 15 жастағы мектеп оқушысының жеке басын анықтаған. Тексеру барысында кәмелетке толмаған баланың бұрын бірнеше рет ұрлық жасағаны және қыркүйектен бастап Өскемен қ. ПБ-да есепте тұрғаны анықталды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Жасөспірім апасымен бірге тұратыны, ал анасы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта бала ШҚО білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Бұдан кейін жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде