jasqazaq.kz

Көліктегі телефонды ұрлап кетті (видео)

24 маусым 2020, 13:39

Алматы облысында ер адамның көліктен телефон ұрлығаны бейнежазбаға түсіп қалды. Алматы облысы Қарасай ауданының полициясына Көксу ауылының 34 жастағы тұрғыны құны 50 мың теңге тұратын ұялы телефонының сауда орталықтардың бірінің автотұрағында автокөлік панелінен ұрланғаны туралы арызданған.

Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, аталған ұрлық дерегін Іргелі ауылдық округінің аға учаскелік инспекторы Е.Ташкенев ашты. Ол бейнежазбаны қарау барысында бейнеден бұрын ұрлық және тонау үшін бірнеше рет сотты болған Көксай кентінде уақытша тұратын 36 жастағы Өзбекстан азаматын таныған.

Бір тәулік ішінде тәртіп сақшысы күдіктіні ұстап, одан ұрланған телефонды тәркіледі. Күдіктінің бұрынғы соттылығы ескеріле отырып, ол тергеу судьясымен қамаққа алынды. Қазіргі уақытта айғақзат – телефон заңды иесіне қайтарылды.

Жәбірленуші учаскелік инспекторға жедел қызметі үшін алғысын білдірді. Полиция қызметкерлері тұрғындарды бағалы заттары мен ақшаларын оңай, қол жетімді жерлерде қалдырмауға, ұрлық жасауға мүмкіндік бермеуге шақырады.

https://youtu.be/shQjHLybr_k

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия