jasqazaq.kz

Көлікпен жарысқан мектеп түлектері (видео)

04 маусым 2020, 14:12

Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер аттестат алу кешін ерекше тойлады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жас түлектер автокөлік кортежімен жарыс ұйымдастырған. Әлеуметтік желілерде жастардың видеосы пайда болды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жас түлектер жылдамдықты шектен тыс асырған. Оларға заңға сәйкес айыппұл салынды.

«Жаңаөзен қаласына қарасты жолда өзара жарысқан көліктердің жүргізушілеріне айыппұл салынды. Барлығы 16 автокөлік қатысқан. Жүргізушілердің жасы 18-ден 25 жасқа дейін екені анықталды. Автокөліктер айыптұраққа жабылды. Автокөлік иесіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңының 593 бөлімі 2 бөлігі бойынша (Қауіпсіздік белдігінің талаптарын сақтамау) және 612 баптың 1-бөлімі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк жүргізуі) бойынша хаттама толтырылды»,-деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

https://www.facebook.com/100011411276321/videos/1348678952189134/

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық