jasqazaq.kz

Көлікпен жарыс ұйымдастырғандар ұсталды

09 мамыр 2020, 15:50

Алматыда түнде көлігімен жарыс ұйымдастырған жүргізушілер айыппұл арқалады.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолдарда түнгі жарыс ұйымдастырған автокөлік жүргізушілерді ұстады.

“Кеше түнде Төле би даңғылы мен Қайырбеков көшесінің қиылысында Жол ережесін өрескел бұзған төрт жүргізуші анықталды. Олар қатысты ҚР ӘҚбК-нің 597-бабы 1-бөлімі және ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалды. Көлік құралдары арнайы айыппұл тұрағына жөнелтілді. Құқық бұзушылардың арасында 1990 жылы туған бір қыз бар. Бұл автокөлік жүргізушілері өздерін қорғай отырып, көңіл көтеру үшін жолда бұзақылық жасағандарын айтты. Сонымен қатар, олардың ешқайсысы бұл әрекеттің, біріншіден, жол пайдаланушылары үшін қауіпті екендігін ойламаған, екіншіден, жақын тұрған үйлердің тұрғындарына кедергі келтіретіндіктерін де еске алмаған”, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаров.

Оның айтуынша, күн сайын кешке және түнде жолдың бұл учаскесін екі патрульдік нарядтар бақылайтын болады.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде