jasqazaq.kz

Көлікпен шеру жасаған жастар жол апатына ұшырады (видео)

20 мамыр 2020, 10:20

Жамбыл облысында әскерден күтіп алу кешінің соңы қайғымен аяқтала жаздады. Байзақ ауданында азаматтық борышын өтеп келген жігіттің құрметіне көліктер шеруін ұйымдастырған жастар апатқа ұшыраған, деп хабарлайды zakon.kz.

«Желіде пайда болған видеода ойқастаған БМВ жүйткіген бойда электр бағанасына соғылады. Құдай сақтап, сол сәтте айналада адамдар болмады. Ал жүргізуші шыр айналған көліктен ұшып, түсіп қалған. Оның денсаулығына қатты зақым келген жоқ, бірақ есінен танып қалды. Осылайша Жамбыл облысында бір досын әскерден күтіп аламыз деп думандатқан жастар, екінші досынан айырылып қала жаздады. Темір тұлпармен көшеде атой салған жігіттер енді жаппай жауапқа тартылады. Бірақ бәрі айыппұлмен құтылмақ», — дейді КТК телеарна тілшісі.

Айта кетейік, шерушілер тек жол ережесін бұзып қана қоймай, карантиндік тәртіпке де қайшы әрекет жасаған.

Бауыржан Мейірбек, Байзақ аудандық ПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы:

— Басқа да бес автокөлік иелеріне ҚР Әкімшілік қылмыстық кодекстің 593, 595 әкімшілік хаттамалар толтырылып, жауапқа тартылуда. Бәріне айыппұл салынады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде