jasqazaq.kz

Көлікпен қарсы жолаққа шығып, жарыс ұйымдастырғандар жазаланды

24 қазан 2021, 16:21

Нұр-Сұлтанда бірнеше автокөлік қарсы жолаққа шығып, жарыс ұйымдастырған. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желіде бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарады. Видеода бірнеше көлік асқан жылдамдықпен қарсы жолаққа шығып кеткені көрсетілген.

Полиция әліметінше, бұл дерек бойынша Mercedes Benz маркалы көлігін мас күйде айдаған 22 жастағы жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Әкімшілік сот шешімімен 22 жастағы ер адам көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айырылып, 15 тәулікке қамалды.

Сондай-ақ тағы бір жүргізуші Mercedes Benz маркалы көлігін айдаған 31 жастағы ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабы, 3-бөлігі және 590-бабы, 9-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

Сондай-ақ, қарсы жолаққа арналған жүріс жолына шығып кеткен Toyota Camry, BMW, Mercedes Benz автомашиналарының жүргізушілеріне қатысты ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

Автокөліктер коммуналдық тұраққа орналастырылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде