
Көлікпен адам сүйретіп жүргені жайлы видео желіге тарап кетті. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтады.
Полиция қызметкерлері желіге мониторинг жүргізу барысында Телеграм мессенджерінде автокөліктің адамды сүйретіп жүргені түсірілген видеоны анықтаған. Аталған факті Павлодар қаласының полиция басқармасында тіркелді. Полиция оқиғаның Павлодар қаласында 2019 жылы AFA атты киноның эпизоды екенін анықтады. Көлікпен сүйреп жүргені адам емес манекен болып шықты. Түсірілім барысында ешкім зардап шеккен жоқ, — деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Посмотреть эту публикацию в Instagram