jasqazaq.kz

Көлік жүргізушісінен темекі сұраған арнайы жасақ қызметкері жұмыстан қуылады

12 сәуiр 2020, 16:53

Павлодар облысындағы блокпостта жүк көлігінің жүргізушісінен пара сұраған Арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкері жұмыстан босатылды.

Әлеуметтік желілерде Германиядан Семейге кетіп бара жатқан жүк көлігі жүргізушісінен арнайы жасақ қызметкерінің пара сұрап тұрғаны туралы видео тарап кеткен еді.

«2020 жылдың 12 сәуірінде «Теlegram» әлеуметтік желісіне жүргізілген мониторинг барысында Германиядан Семейге кетіп бара жатқан жүргізушінің видеосы тарап кетті. Ол Екібастүз ауданының Шідерті кентіндегі №4 санитарлық пост арқылы өткен. Аталған видео бойынша Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов облыстық ПД жеке қауіпсіздік басқармасына қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды», — деп хабарлайды Павлодар облысының полиция департаментінен.

Нұрлан Мәсімовтың айтуынша қызметкер жұмыстан қуылады. «Арнайы жасақ қызметкері сөзсіз ішкі істер органдарынан босатылады», — деді ол. Сонымен қатар оның үстінен ҚР ӘҚБК 449-бабы бойынша (қайыр сұрау) әкімшілік іс қозғалды. Кәсіби тұрғыда әлсіз адамдарды жинап алған командирінің лауазымында қалу-қалмау мәселесі шешілуде.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия