jasqazaq.kz

Көлік жүргізушісі полицейді сүйреп кетті (видео)

23 қантар 2020, 15:59

Шымкентте көлік жүргізушісі полицейді үш шақырымға сүйреп кеткен.

Т.Рысқұлов көшесі бойында Mitsubishi Galant жүргізушісі мас күйде көлікке отырып, Audi-80 маркалы көлікпен жол-көлік апатына ұшырады.

Полиция қызметкері оқиға орнында Mitsubishi Galant автокөлік жүргізушісінен құжаттарын көрсетуді өтінген. Бірақ ол құжаттарын көрсетуден бас тартып, оқиға орнынан ізін суытпақ болған.

Көліктің жүруін бөгеген полицейді қағып, оны 3 шақырым жерге дейін сүйреген. Құқық бұзушы полицейлерден қашып құтыла алмады. Ол сол мезетте ұсталып, оны патрульдік полиция полкінің 7-ротасының қызметкерлері бірден медициналық куәландыруға жеткізді.

31 жастағы құқық бұзушыға қатысты 380-бап 2-бөлімі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ қылмыстық кодекстің 610-бап 1-бөлімі (көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Ұсталған азамат Шымкент қаласының полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік айып тұрағына қойылды. Қызметкер ешқандай дене жарақатын алған жоқ.

https://youtu.be/uwgn86kNtMw

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде