
Қызылордада көлік ұрлаған ер адам ұсталды.
29 мамырда таңертең ер адам көпқабатты үй ауласында тұрған Volkswagen Golf көлігін ұрлап кеткен. Оны ұстау үшін жоспар құрылып, патрульдік нарядтар қызметке қосылған. Нәтижесінде тәртіп сақшылары қаскүнемді ұстаған. Ол Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ның 200-бабы 1-бөлігі «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты ешқайда шықпау және өзін дұрыс ұстау бойынша бұлтартпау шарасы таңдалған.
https://youtu.be/2ls_RY0RiVM
Polisia.kz