jasqazaq.kz

Көлік ұрлаумен айналысқандар ұсталды

05 қараша 2019, 11:18

Алматы полицейлері көлік ұрлаумен айналысқандарды ұстады, топтың құрамында өзбекстандық азамат бар.

Мүлкін қолды етуді әдетке айналдырғандардың біреуі З. есімді азамат бұрын сотталған, екіншісі А. атты күдікті Өзбекстан азаматы болып шықты. Олар «ВАЗ» және «Лада» маркалы 2 көлікті айдап кеткен. Сонымен қатар, күдіктілердің 20 автокөлік батареясын ұрлағандары анықталды. « Күдіктілер еш жерде жұмыс істемейді. Олар нәпақаларын авткөліктердің батареясын ұрлап, сатумен тапқан. Кейін қылмыстық жолмен көлікті айдап әкетпекші болған. Алайда олардың бұл арам пиғылдары жүзеге аспады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. Ұрланған автокөліктер иелеріне қайтарылды, аккумуляторлар тәркіленіп қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Қазір ҚРҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», -деді Алматы қалалық Криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин. Сонымен қатар, Әуезов ауданының тәртіп сақшылары күдікті ретінде 1994 жылы туған Ж. атты азаматты ұстады, ол Ақсай-5 ықшамауданында тұратын таныстарының пәтеріне кіріп, көліктің кілтін ұрлап оны айдап кеткен. Белгілі болғандай, бұл күдіктінің жасаған алғашқы қылмысы емес. «Көліктің бұзылып қалуына байланысты ұры алысқа кете алмайтынын сезіп «Шевроле Круз» автокөлігін қызмет көрсету орталығына қалдырып ішінен әмиянды алып кеткен. Алайда, ол әмиянда құжаттан басқа ештеңе болмаған. Ұсталған күдікті енді осы әрекеттері үшін заң алдында жауап береді»,- деп толықтырды Жанболат Зиадин.

Ақпарат көзі: inform.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда