jasqazaq.kz

Көлік ұрлап, адам басып кетті (видео)

03 желтоқсан 2019, 10:48

Нұр-Сұлтанда мас тұрғын таксистің көлігін айдап әкетіп, жолда екі адамды қағып кеткен. Зардап шеккендердің бірі қаза тапты. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Полицияға көліктің ұрланғаны жайлы хабарлама 6:52-де түскен. «Бизон» кафесінің маңында белгісіз адам такси жүргізушісін ұрып-соғып, Lada автокөлігін айдап әкетіп, тығылып қалғаны жайлы ақпарат түсті. 6:58-де сол автокөлік Тәуелсіздік даңғылында жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті. Жол апаты салдарынан 48 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты, кәмелет жасқа толмаған (2005 жылы туған) жасөспірім түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Патруль полициясы ішімдік ішкен 23 жастағы күдіктіні ұстап, Нұр-Сұлтан ПД уақытша ұстау изоляторына қамады», — деді құқыққорғаушылар.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Кісі өліміне алып келген жол ережесін бұзу» және «Айдап әкету» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

https://youtu.be/5ShfxCsSIiM

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда