jasqazaq.kz

Көлік ұрлаған адамның ұсталған сәті видеоға түсіп қалған

26 сәуiр 2020, 9:43

Елорданың полиция қызметкерлері көлікте отырған 2 баланы түсіріп, автомобильді айдап кеткен күдіктіні көп ұзамай қолға түсірді. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті.

Ведомство мәліметінше, 25 сәуір күні сағат 13-15-те елорда тұрғыны салонында 9 және 13 жастағы балалары отырған көлігін сауда үйінің тұрағына қалдырып, дүкенге кірген. Осы сәтте көлікке келген белгісіз адам балалардан салоннан түсуді бұйырып, одан кейін автомобиль руліне отырып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

«Көлікті айдап алып кеткен адамды ұстау үшін полиция департаменті «Тосқауыл« жоспарын іске қосып, нәтижесінде қылмыскер 7 минуттың ішінде ұстады. Полиция қызметкерлері аталған азаматтың кім екендігін анықтады. Ол — 50 жастағы елорда тұрғыны, бұған дейін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қылмыс жасаған сәтте мас күйде болған», — деп атап өтілген департамент хабарламасында.

Ұсталған елордалық Нұр-Сұлтан қалалық ПД уақытша оқшаулағышына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

https://youtu.be/l-fz00kp2Do

inform.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия