jasqazaq.kz

Көлік төбесіне адам отырғызған жүргізуші жауапқа тартылды

07 наурыз 2020, 12:52

Түркістан облысының полицейлері көлігінің үстіне бірнеше адамды отырғызып, жол жүрген жүргізушіні Әкімшілік кодекстің төрт бабымен жауапқа тартатын болды.Бұл туралы Polisia.kz сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 

ВАЗ-2106 автокөлігінің үстінде бірнеше адамның отырып алған бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған болатын. Полиция жүргізушінің аиты-жөнін анықтады.

Тексере келе Ордабасы ауданының тұрғыны 1 наурыз күні көлік тізгінінде отырған сайрамдық азаматқа машинасын сатқаны белгілі болды. Сөйтіп тәртіп сақшылары автокөліктің жаңа иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің төрт бабы бойынша хаттама толтырды: 230-бабы – «Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу», 590-бабы – «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», 593-бабы – «Жол жүрісі қағидаларында жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау», 612-бабы – «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы».

Көлік тізгінінде болған азамат өзінің әрекеті заңсыз екенін және жолаушылардың өміріне қауіп төндіргенін мойындап, кешірім сұрап, алдағы уақытта қайталамайтынын айтты.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық