jasqazaq.kz

Көлік тізгіндеген түлектер апатқа ұшырады

29 мамыр 2019, 10:04

Алматы облысында мектеп түлектері соңғы қоңыраудан кейін апатқа ұшырады. Қазіргі уақытта олар аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Анықталғандай, көлікті тізгіндеген 11-сыныпты енді бітіріп жатқан түлек кәмелет жасқа толмаған екен. Оның жүргізуші куәлігі де жоқ.

Оқиға 25 мамыр күні Алматы-Талдықорған тасжолында орын алған.

Соқтығысқан екі көлік бір бағытта қозғалған. Олар бір-бірімен жарысып соқтығысты ма, жоқ па, ол жағын полиция анықтайды.

«Ата-аналарына ескертілген. «Балаларыңызға қараңыздар, қазір олардың алып ұшып тұрған кезі», — деп ескерттік. Енді қазір амандығын ғана тілеп отырмыз. Анықтамаларын әкеліп берді. Емтихандарынан босатылады немесе кейін сауыққан соң келіп тапсырады», — дейді Талдықорған қаласына қарасты Еркін аулындағы №11 мектептің директоры Гүлбаршын Бейсекенова.

Көлік апатына түскен үш оқушы №11 мектептің биылғы түлегі екен. Қазіргі уақытта олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. дәрігерлердің сөзінше, олардың бірінің жағдайы өте ауыр. Арнайы аппараттың көмегімен демалып жатқан жасөспірімнің мойын омыртқасы сынып, жұлыны зақымдалған. Оған бірден ота жасалыпты.

«Мойын омыртқасы орнына қойылды. Алайда әлі де жағдайы ауыр. Екінші науқастың сан сүйегі, тобығы сынған», — дейді Көксу аудандық ауруханасының бас дәрігері Шыңғыс Рахимов.

Дереккөзі: 31 арна

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда