jasqazaq.kz

Көлік тіркеу қызметі уақытша тоқтатылады

23 қыркүйек 2019, 11:15

Бұл қызмет түрі электрондық үкімет порталында да қол жетімді болмайды, деп хабарлайды Қазақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс бөлімінің директоры Мұрат Жұманбайдың Facebook парақшасына сілтеме жасап.

«Құрметті көлік иелері! 2019 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректер базасындағы техникалық жұмыстарға байланысты көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттарды қабылдау сағат 10.30-дан 12.30-ға дейін және 17.00-ден 19.00-ге дейін тоқтатылады. Түсіністікпен қарауды сұраймыз», — делінген хабарламада. Айта кетейік, дәл осы қызмет түрі осы уақыт аралығында электрондық үкімет порталында да қолжетімді болмайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде