jasqazaq.kz

Көлік сатып алуға келген адамды пышақтады

13 қазан 2021, 10:54

Алматы облысында өзінен көлік сатып алуға келген клиентті пышақтап, 10 млн теңгесін алып кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне аудандық ауруханаға арқасына пышақ сұғылған 33 жастағы Алматы қаласының тұрғыны жеткізілгені туралы хабар түсті. Ауруханаға дереу жеткен жедел-тергеу тобы істі растап, тиісті шараларды бастап кетті. Сатушымен кездесу барысында күдікті суық қару қолданып, зардап шегушіден 10 млн теңге көлемінде ақшасын тартып алғаны белгілі болды», — деді Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасының бастығы Жақсылық Алтынбаев.

Зардап шеккен адам Tayota Camry 70 автокөлігін сатып алмақ болған. Ал кездесу мен есеп айырысу орны Есік қаласында өткен.

«Жедел қызметкерлер қысқа уақытта ер адамды анықтап, ұстады. Оны зардап шеккен адам да, куәгер де таныды. Күдікті 22 жастағы Есік қаласының тұрғыны болып шықты. Қазір оған қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жасаған қылмысын мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған», — деп қосты Жақсылық Алтынбаев.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия