jasqazaq.kz

Көлік ойнатқан блогер елді алдап жүр ме? (видео)

18 қантар 2021, 13:35

Алматыда Елшін Ақмарал мен Елшін Жанерке есімді блогерлердің гивіне қатысып, Hyundai Accent көлігін ұтып алдым деген азамат бір айдан бері сол көлікті ала алмай жүргенін жеткізді. Ол Елшіндер «мені алдады» деп есептейді. Одан бөлек Түркістан облысы Таскескен ауылынан Балжан есімді тұрғын да хабарласып, дәл осы гивке алданғанынын айтты деп хабарлайды 31 арна.

Телеарна мәліметінше, «Қалаулымға» қатысып, кейін блогер болып танылған Елшін Жанерке мен оның сіңлісі Ақмарал 13 желтоқсан күні қымбат көлік тігіп гив ұйымдастырған. Ойын жеңімпазы арнайы генератор бағдарламасымен анықталып, Жанна Мәлікқызы «бас жүлдеге» ие болған еді. Бұл туралы Жанерке сол кезде әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария еткен. Ал Жанна Мәлікқызы ол көлікті ала алмадым деп отыр.

«Бас жүлде «Хюйндай Акцент» ұтып алдым. Солай Халыққа қызмет көрсету орталығында кездесік, кездескенен кейін, енді содан басы ашылып тұр ғой, машина жоқ болып шықты», — деді гив қатысушысы. Дәл осы Гивтен Айфон 7 телефонын ұтып, әлі алмадым деген Балжан Қайыпова да телеарна редакциясына хабарласқан. «Бір ай өтті, маған организатор баллардан аласыз деген. Бірақ организатор балалардың өзі алдады», — деді Балжан Қайыпова. Ал «Ұлттық Ақпараттық Технологиялар» акционерлік қоғамының бас маманы Бектілеу Оразбаев кез-келген Гивтегі бағдарламаны бір адамға ғана ұтыс шығаратындай етіп жасауға болатынын жеткізген. Ал бұл гивті тек жарнамаладық деген Жанерке Елшіннің сіңлісі Ақмарал ұйымдастырушылардың құрбаны болғанын сөз етті. «Организаторларға біз арыз жаздық, қазір қарастырылып жатыр, Және бұл адамдарды тапты. Біз Жанна ханымға өз қалтамыздан бір миллион тенге жіберіп қояйық дедік», — деді ол.

Алматы полициясы ұйымдастырушыларға қатысты тергеу бастапты. Ал алданған азаматтан ойынға қатысу үшін еш шығын шықпағандықтан, оның көлікті талап етуге құқы жоқ деп отыр заңгерлер. Мамандар сондықтан, қарапайым халыққа енді ешбір гивке қатыспауға кеңес береді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия