jasqazaq.kz

Көлік нөмірін ұрлаумен айналысқандар қолға түсті

20 қазан 2020, 12:06

Алматыда полиция көлік нөмірін ұрлау схемасын анықтады. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.

Алматыда жыл басынан бері көлік нөмірін ұрлаудың 21 дерегі тіркелген.

Полиция 20 қылмысты ашып, ұрлық жасаған 3 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартқан.

«Қылмыскер көліктің нөмірін алып, иесінен арнайы шотқа ақша аударуды талап етеді. Ол арнайы жазба қалдырады. Талап орындалған жағдайда қылмыскер ұрланған көлік нөмірі қайда жасырынғанын айтады.

Бұл құқық бұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша сараланады. Себебі, нөмірі ұрланған көліктердің иелері тиісті қаражатты күдіктілердің шотына аударады. Алайда мемлекеттік белгілер қол сұғу нысанасы болып саналмайды, өйткені ол мемлекетке тиесілі және көлік иелеріне уақытша пайдалануға беріледі», — дейді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы Еркен Іңкәров.

Әріп белгілері бар немесе белгілі бір сандар тізбегі көрсетілген атаулы мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін ұрлау ерекше жағдай болып саналады. Мысалы, 777, GGG және тағы басқа.

«Мұндай деректер ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша сараланады. Жыл басынан бері осындай бір факт тіркелді. Күдікті анықталып, ұсталды. Біз мұндай жағдайлар болған кезде 102 пультіне дереу хабарласуды сұраймыз», — деді Еркен Іңкәров.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия