jasqazaq.kz

«Көлік қақты» делінген баланы әкесі таспен ұрған болып шықты

01 тамыз 2018, 22:29

 Өлімші етіп сабаған өз әкесі екен. Алматыда Шығыс айналма жолының бойында шала-жансар күйде кілемге ораулы жатқан жерде табылған баланы көлік қақпаған! Туған әкесі соңынан еріп шыққан ұлын өзі таспен басынан ұрыпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Мұрат Асқароглы сол сәтте мас болғандықтан, аяғына оратылған баласы мазасын алғанын айтуда. Адам жоқ қуыста өз ұлын ұрып жығып, сасқанынан автобусқа отырып кетіп қалған. Ал 4 жасар Мұхаммед қара түсті көлік қақты деген келіншек те тергеушілерге өтірік ақпарат бергенін мойындады. Жоқ жүргізушіні осы уақытқа дейін іздеп таппаған полиция бар отбасынан сезіктене бастапты. Ақыры бейне жазбаларды қайта қарап, онда әкесі баласын жетектеп, бара жатқан кадрларды байқаған. Сөйтіп сәби табылған жердегі шөпті шауып, қылмыс құралы –қанға боялған тасты да тауыпты. Дәрігерлер де бүлдіршіннің жарақаттары да жол апатынан болмаған деген тоқтамға келіпті. Қазір әкесі жыларман боп бүкіл елден кешірім сұрап отыр. Бірақ қатыгез әке де, тергеушілерді шатастырған куәгер келіншек те сот алдында жауап бермек.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді