jasqazaq.kz

Көлік бөлініп қалды. Жол апатынан бір адам көз жұмды (Видео)

09 қазан 2021, 12:39

Алматы облысында үш көлік соқтығысып, бір адам мерт болды. Оқыс оқиға Алматы-Көкпек-Көктал жолында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өте қорқынышты. Мына көліктің қалғаны осы. Алдыңғы бөлігі міне жатыр»,- деді бейнежазбаға түсірген автор. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай кеше кешкі сағат 17:30 шамасында болған. «Еңбекшіқазақ ауданында 20 жастағы Mersedes Benz көлігінің жүргізушісі Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 39 шақырымында рульге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан Audi C4 және Toyota Camry көліктеріне соғылған. Mersedes Benz көлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Тағы екі адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір аталған факті бойынша ҚК 345 бабы 3-і бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия