jasqazaq.kz

Көлік апатынан бес адам көз жұмды

06 қантар 2019, 17:44

Алматы-Өскемен тасжолында көлік апатынан бес адам көз жұмды. Оның екеуі ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жантүршігерлік көлік апаты республикалық тасжолдың 329-шы шақырымында болған. Оқиға 5 қаңтар күні кешкі сағат 19:30-дар шамасында тіркелген. Тексеріс кезінде анықталғандай, «Тойота Авенсис» көлігінің жүргізушісі Сарқан ауданынан шығып, Талдықорғанға бет алған. Жолдың тайғақтығы салдарынан 1977 жылғы көлік жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Тойота Камри» көлігіне соғылған. «Оқиға орнында «Тойота Авенсис» көлігінің жолаушылары 1977 жылғы талдықорғандық әйел адам, 2012 жылғы талдықорғандық ұл бала және 2006 жылғы Көксу ауданының тұрғыны, қыз бала қайтыс болды. Сондай-ақ «Тойота Авенсис» көлігінің тағы бір жолаушысы Талдықорғанның облыстық ауруханасында көз жұмды. «Тойота камри» көлігінің 1974 жылғы жүргізушісі де ауруханада қайтыс болды», — делінген Ақсу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Қазір «Тойота Авенсис» көлігін тізгіндеген 41 жастағы азамат түрлі дене жарақаттарымен ауруханада жатыр. Сонымен қатар, «Тойота камри» көлігінің 1992 және 1993 жылғы екі жолаушысы аурухананың жансақтау бөлімінде. Қазір аталған жантүршігерлік көлік апаты бойынша ҚР ҚК 345 бабы, 4-ші бөлігі бойынша сот-алды тергеу жүргізілуде.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер