jasqazaq.kz

Көлік аламын дегендерді тақырға отырғызған адам ұсталды

25 тамыз 2018, 13:37

Алматы қаласындағы «Тойота орталығы» автосалонының 300 млн теңгеге жуық қаражатын ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы қалалық криминалдық полиция қызметкерлері Түркістан облысына қарасты Сарыағаш қаласында «Алматы тойота орталығы» автосалонының бұрынғы қызметкерін аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін ұстады. Ұсталған күдікті жаңа автокөліктерді сату желеуімен азаматтардан 150 млн теңгеден астам ақша алған. Сонымен қатар ол клиенттердің жаңа көлік сатып алу үшін төлеген шамамен 140 млн теңге сомасындағы қаржыларын иеленіп кеткен», — деді Алмас Садубаев. Сонымен қатар ресми өкілдің айтуынша, Ақтөбе облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері өңірдің жергілікті 2 тұрғынын ұстаған. Олар Қандыағаш қаласынан 160 шақырым жердегі кен орнында тұрған контейнерлерден құны 200 млн теңгеден асатын бұрғылау қондырғыларын ұрлаған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді