jasqazaq.kz

Көлік 200 метрге сүйреп әкеткен әйел қайтыс болды

20 желтоқсан 2018, 13:50

Шымкентте осыдан бірнеше күн бұрын Mercedes автокөлігі жаяу жүргіншілер жүретін жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып, 200 метрге дейін сүйреп әкеткен болатын.

Аса ауыр халде ауруханаға түскен науқас қайтыс болды. Облыстық Полиция департаментіндегілердің хабарлауынша, жол апатынан кейін жедел жәрдем әйелді бірден ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер шұғыл ота жасады. Алайда, бірнеше уақыттан кейін науқас қайтыс болды. Еске салсақ, жол апаты 16-нан 17 желтоқсанға қараған түні болған. Көлік жүргізушісі әйелді көрмеген, тек бірнеше метр жүріп барып тоқтағанда байқаған. Дөңгелегіне қыстырылып қалған марқұмды көліктегі жолаушылармен бірге әрең шығарып алған. Сөйтіп оқиға орнына бірден жедел жәрдем шақырады.

Дереккөз: sn.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде