
Осыған дейін әлеуметтік желіде қызу талқыланған видеоға қатысты полиция мәлімдеме жасады.
«Бұл дерек мониторинг барысында анықталды. Жүргізушіні анықтап, жауапкершілікке тарту шаралары қолға алынды. Нәтижесінде біздің бөлімшенің қызметкерімен құқық бұзушыға қатысты 230 баптың 2 бөлігі (сақтандырудың жоқтығы), 590 баптың 9 бөлігі (техникалық байқаудың болмауы), 593 баптың 1 бөлігі (жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу), 599 баптың 1 бөлігі (бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қозғалу) бойынша төрт әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, жүргізушімен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, көліктің үстіне шыққан қызға қатысты да әкімшілік шара қолданылғанын хабарлаймын. Оған ҚР ӘҚбК-нің 434 бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша айып тағылды», — деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.
Jas Qazaq — Aqparat