jasqazaq.kz

Көлігінің дауысын зорайтқан жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр

07 сәуiр 2021, 11:16

Алматыда көлігінің дауысын зорайтқан жүргізушілер жаппай жазаланып жатыр. Жыл басынан бері көшені басына көтерген 700-ден астам көлік иесі айыппұл арқалады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Полицияның айтуынша, соңғы уақытта тәртіп сақшыларына түскен шағым көбейіпті. Түн ұйқысы төрт бөлінген тұрғындар көлігін гүрілдетіп жүретін жүргізушілер тыншытық бермейтінін айтады. «Бұдан былай жүргізушілердің көлігін заңсыз қайта жабдықтап тайраңдауына жол жоқ», — дейді полицейлер. Әкімшілік хаттама толтырылған темір тұлпар иелеріне 58 мың теңгеден айыппұл салынды. Ал дәл осылай екінші рет тұтылғандарға қолданатын әкімшілік жаза қатаңдатылады.

Жандос Мұратәлиев, Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

— Полиция департаменті басшысының бұйрығына сәйкес, біз апта сайын осы жұмыстарды жалғастырып тұрамыз. Көлікті қайтадан заңды түріне келтірмесе, ол көліктің мемлекеттік нөмірі тәркіленіп, көлікті орнына келтірмейінше, мемлекеттік нөмірі берілмейді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия