
Ресейдің Карелия Республикасында екі мәскеулік азамат Mercedes Gelandewagen маркалы автокөлігін тікұшақпен көкке көттеріп, жерге тастаған.
Олардың бұл әрекетін видеоға түсіріп алған.
Кейін анықталғандай, екі Мәскеу тұрғыны көлікті тікұшақпен көтеру үшін 250 мың рубль (шамамен бір жарым миллион теңге) төлепті. Жерге құлап, быт-шыты шыққан 1995 жылы құрастырылған көлік темір-терсек қабылдайтын жерге өткізіліпті.