jasqazaq.kz

Көлігін қарсы бағытта айдаған жүргізуші 7 тәулікке қамалды

09 қазан 2018, 21:25

Жол ережесін өрескел бұзып, әлеуметтік желіні шулатқан алматылық Назар Роллан 7 тәулікке қамалды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.

«Бостандық аудандық ІІБ полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзып, айналасындағы адамдардың өміріне қауіп төндіргені үшін 1998 жылы туған Н. Ролланға қатысты әкімшілік шара қабылдады. Ол бұған дейін Әл-Фараби және Мұстафин көшелерінің бойынша жол жүру тәртібін бұзып, жауапкершілікке тартылған болатын. Ол әкімшілік кодекстің бес бабы бойынша тәртіптік жазаға тартылса да, одан қорытынды шығарған жоқ. Бүгін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен бұзақылық ісі бойынша Н. Роллан 7 тәулікке қамауға алынды», — деді Салтанат Әзірбек.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді