jasqazaq.kz

Көлігімен қағып, арықтардың біріне тастап кеткен

12 маусым 2018, 15:35


Алматыда жас жігітті болжам бойынша көлік қағып кеткен. Жапа шеккен жігітті көлігіне отырғызып алған жүргізуші ізін суыту үшін бірнеше көшеден кейін оны арықтардың біріне лақтырып жіберген. Осы іс бойынша Алматы қаласының полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

NUR.KZ. хабарлағандай,   «Куәгерлер керек! Сегізінші маусым күні Төле би мен Байзақ көшелерінің қиылысында шамамен сағат 9.00 мен 10.00 аралығында бағдаршам маңында көлік жүргізушісі 20 жастағы жігітті қағып кеткен. Кейін көлігіне отырғызып алып, Төле би мен Мұратбаев көшелерінің қиылысындағы арыққа тастап кеткен. Оны жарты сағат өткесін тауып алған. Көліктің маркасы мен мемлекеттік номері анықталмады. Жігіттің жағдайы өте ауыр. Осы оқиғаға куә болған адамдарды мына телефон номеріне хабарласуларын сұраймыз: 8 707 267 76 10 Марина», — делінген әлеуметтік желідегі жазбада.
Жапа шеккен азаматтың анасының айтуынша, ол жұмысқа бара жатқанында көлік қағып кеткен.

«Күні бойы жансақтау бөлімінде, комада болды. Қазір палатаға ауыстырды. Жағдайы нашар. Беті-аузы соғылған, тістері сынған, мұрны, жағы. Жабық бас сүйек жарақаты бар», — деді анасы. Ол адамдардың осындай айуандыққа баратынына аң-таң.
Алматы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, осы іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді