jasqazaq.kz

Көлігімен блок-бекетті бұзып өтпек болды. Полиция қызметкері жарақат алды (видео)

02 сәуiр 2020, 17:47

#үйдеотыр

Алматыда Toyota жүргізушісі Алатау ауданы Көксай ауылының маңындағы блокбекетті соғып өтіп, салдарынан полицей зардап шеккен. Бұл туралы Polisia.kz сайтында хабарлады.

Жол апаты сағат 15.00-де болған. Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылының 1970 жылғы тұрғыны Toyota Ipsum көлігімен келе жатып, №4 блокбекетке барып соғылған.

Артынша сол маңда тұрған Kia маркалы полиция көлігін соғып, кейін Lada priora мен Toyota Camry көліктеріне барып соғылған. Қызметтік көлікте отырған полицей Мереке Отарғазы жедел түрде ауруханаға жеткізілген.

«Алдын ала мәлімет бойынша, көлікте мас жүргізуші отырған. Одан сараптама алынады. Бұл жағдайда бірнеше ведомствоның өкілдері жауап береді», — деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

https://youtu.be/fTYpdsKMg1I

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде