
Куәгерлер туралы мәліметті жарияламауға және құпиялықты сақтауға кепілдік беріледі, делінген полиция таратқан ақпаратта.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, полиция қызметкерлері Телеграм мессенджерінде автокөліктің адамды сүйретіп жүргені түсірілген видеоны анықтаған.
— Аталған факті Павлодар қаласының полиция басқармасында тіркелді. Бұл жайтқа қатысы бар адамдар мен куәгерлерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, — деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
ПД осы видеоны көрген куәгерлерді 102 немесе 87774586688 телефонына қоңырау шалуды сұрайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram