jasqazaq.kz

Көлгінов құрылысы бітпеген тұрғын үйдің сүрілу себебін түсіндірді

22 тамыз 2019, 14:45

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов толық салынып бітпеген «Территория комфорта-1» тұрғын үйін сүру туралы шешімнің қабылдану себебін айтты.

«Жоқ, толық салуға болмайды. Ол құрылысқа жарамайды. Бұл қауіпсіздік мәселесі. Техникалық тексеріс ғимараттың апатты жағдайда екенін көрсетті. Тұрғанына қанша уақыт болды. Ауа райы жағдайы, ол жақта тіпті шатыр да жоқ, қыс пен көктем-күз уақыты — осының бәрі жарамсыздыққа алып келді. Оған демонтаж жасап, жаңасын саламыз. Бұл мәселе бойынша инсвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз», — деді әкім журналистер сұрағына. Ол салынып жатқан үйді бұзып, жаңасын салу үшін инвесторлар тартылуы мүмкін айтты. «Дәл қазір айта алмаймын, себебі құжаттарды дайындап жатырмыз. Бұзып бастаған кезде айтамыз. Үлескерлердің үйлері бойынша нақты жоспар бар. Мәселе көп», — деді Көлгінов.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі елордада толық салынып бітпеген «Территория комфорта-1» тұрғын үйі сүрілетінін айтқан болатын. Көпқабатты тұрғын үй кешені елорда орталығында 2004 жылдан бері салынып жатыр. Бірақ құрылыс әлі біткен жоқ. Нысан сол жағалаудың орталық көшелерінің бірінде орналасқан. Бірнеше жыл бұрын бұл үй бітпеген нысандардың жәрмеңкесінде ұсынылған еді. Жәрмеңке тұрғын үйлердің құрылысын бітіруге дайын инвесторлар үшін өткен.

Tengrinews.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді