jasqazaq.kz

«Көкжайлау» курортының құрылысы кейінге қалдырылды

08 сәуiр 2019, 12:21

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Көкжайлау» курортының құрылысы кейінге қалдырылғанын мәлімдеді. 

«Жобаны қайта қарап толықтыруды ұсынамын», — деді Бауыржан Байбек Қоғамдық кеңес отырысында. Қала басшысы бұл тақырыпқа келгенде экономика, социум, экология мәселелерінің теңгерімін сақтау қажеттігін айтты. «Сарапшылардың айтуынша, қазіргі курорттардың дамуының өзі 3-5 жыл уақыт алады. Осы уақыт аралығында көп тәжірибе жинақтаймыз, мамандарды әзірлеп, қала тұрғындары мен қонақтарының пікірін зерттейміз. Тек содан соң ғана Көкжайлау тау шаңғысы курортының құрылысына кірісуге болады», — деді әкім. Қалалық Туризм басқармасының жетекшісі Мақсат Қиқымов нысан құрылысын жеңілдету үшін шаңғы жолын басқа сілемге салуды ұсынды. «Мастерконцепт» компаниясы Көкжайлауда шаңғы жолын басқа сілемге ашуды, тұрғын үй ауданын азайту мүмкіндігін қарастыруды, қонақ үй құрылысын төменгі үстіртке салуды, «ЦСКА» тау шаңғысы базасы тұсынан аспалы жол мен базалық станса салуды ұсынды. Бұл компания басшылығы жаңадан курорт салмай-ақ, бұрынғы курорттарды дамыту туралы да айтты. Бірінші кезеңде курорт құрылысына емес, аспалы жолдару салуға басымдық берілмек», — деді Мақсат Қиқымов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда