jasqazaq.kz

Көктөбедегі аттракционнан құлаған жасөспірім: Сотқа дейінгі тергеу басталды

06 қантар 2020, 11:47

Алматы полициясы Көктөбедегі аттракционнан құлаған балаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында, он төрт жастағы Ф. есімді жасөспірімнің 2 қаңтарда, Көктөбе саябағының аумағындағы аттракционнан құлап, аяқ-қолының сынғаны анықталды. Зардап шеккен жасөспірімнің туыстары бұл жағдай бойынша ешкімге шағымданбайтындығын, баланың аттракционнан байқаусызда құлап кеткенін жеткізді», — дейді Алматы қалалық ПД.

Жәбірленуші тарап шағым түсірмесе де, Медеу аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабына сәйкес «Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұған дейін, Көктөбедегі аттракционда құлаған жасөспірімнің видеосы әлеуметтік желіде пайда болған еді.

Кейін дәргерлер жасөсіпірімнің жағдайы туралы айтты. Бала ауруханаға түскенде дәрігерлер медициналық тексеру жүргізіп, науқастың қол-аяғы көп жерінен сынғанын анықтады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде