
«Көктөбе» телемұнарасы маңынан аңшылық қару табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында «Көктөбе»телемұнарасынан төменірек бұталардың арасынан арнайы үйретілген ит екі тегіс ұңғылы мылтықты тапты. – Төңіректі кинолог- инспектор қызметтік-іздестіру итімен тексерді. Олар бұталардан екі мылтық тапты. Табылған затты тергеу-жедел тобы тәркілеп, қарудың шығу тегі мен иесін анықтау мақсатында сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланып, қылмыстық мақсатқа пайдаланылған болуы да мүмкін, – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
24.kz