jasqazaq.kz

Көктемнің ең көрікті мерекесінің бірі — Наурыз

28 ақпан 2019, 14:42

Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында наурыз мерекесін тойлау басталып кетті. Әсіресе Моңғолияның Ұлттық телеарнасы бүгін мерекеге орай арнайы бағдарлама түсіріп, наурыз көжеден дәм татты.

Бұл туралы бізге телеарнада қызмет істейтін моңғолиялық әріптесіміз Ганзориг Чимэддорж айтып берді.
Бүгін қыстың соңғы күні. Ертеңнен бастап күллі әлемге көктемнің алғашқы күні келеді. Ал көктемнің ең көрікті мерекесінің бірі — Наурызды тойлау шығыс халықтарының ежелгі дәстүрі. Осыған орай Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында тұратын қандастарымыз наурыз мерекесін тойлауды бастап кетіпті.

«Бұл мереке біздің телеарнада дәстүрге айналған. Жылда өзімізбен бірге жасасып, төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылған ағаш уықты, киіз туырлықты қазақ ағайындарымыздың наурыз мерекесін атап өтеміз. Әрине, өзім жастайымнан қазақ ағайындармен көрші тұрғандықтан, бұл мерекенің қыр-сырын жетік білемін. Олар да біздің шаған мерекемізді бірге тойлайды. Екеуі де жыл басы мерекесі болып есептелетіндіктен, бұл моңғол мен қазақтың татулығының, береке-бірлігінің куәсіне айналған мерекелер. Әрине, бізге Ұланбатырда тұратын қазақ ағайындар көмектесіп, сахналық қойылымдар мен ұлттық киімдерді ұсынды. Барлығынан наурыз күні дайындалатын көженің дәмді болатынын айтқым келеді» — дейді Ганзориг Чимэддорж.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз моңғолдардың жыл басын қалай тойлайтыны жайлы жазған болатынбыз.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда