jasqazaq.kz

Көктемгі ҰБТ-дан 20 мыңға жуық түлек өте алмады

02 сәуiр 2019, 15:17

Білім және ғылым министрлігі төрт рет өткізілетін ҰБТ-ның «көктемгі» қорытындысын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, талапкерлер үшін жазғы тестілеуден бөлек Ұлттық бірыңғай тестілеуді қаңтар, наурыз, тамыз айларында тапсыру мүмкіндігі берілгені мәлім. ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түсу үшін талапкерге жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның кез-келгеніне қатысып, шекті бал жинау жеткілікті. Ал, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде маусым айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу қажет. «Еліміз бойынша 27-29 наурыз аралығында тестілеу өткізудің 133 пунктінде «көктемгі» ҰБТ болып өтті. Тестілеуге 78 133 адам қатысты, бұл көрсеткіш тестілеуге қатысуға өтініш берушілердің 97,6 пайызын құрады (оның ішінде 61 367 (78,5 пайызы) қазақ тілінде, 16 515 (21,1 пайызы) орыс тілінде және 251 ағылшын тілінде тапсырды). Шекті деңгейден өткендер саны — 58 317 (74,6 пайыз), шекті деңгейден өте алмағандар саны — 19 816 адам (25,4 пайыз). «Көктемгі» ҰБТ-ның ең жоғары балы — 138. ҰБТ нәтижелеріне сәйкес, бес пән бойынша орташа бал 70,5 балды құрады», — деп хабарлайды министрліктен. ҰБТ-ның өткізу ережесін бұзғаны және тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін тестілеуден 235 адам шығарылған. Ал, тестілеуге қатысқан 14 мүмкіндігі шектеулі жан үшін мемлекеттік комиссия шешімімен жеке аудиториялар және арнайы көмекшілер бөлінген. «ҰБТ қатысушыларының көп бөлігі, атап айтсақ 23 691 адам (30,3 пайызы) «Математика-Физика» бейіндік пәндер комбинациясын таңдап алса, ал 15 596 (20,0 пайызы) тестіленуші «Химия-Биология» комбинациясын таңдаған. Ал, ең аз таңдалған пәндер комбинациясы «Химия-Физика» — 225 адам. ҰБТ қорытындысы бойынша республикалық апелляциялық комиссияға тестілеудің мазмұны бойынша келіп түскен өтініштердің бірде біреуі қанағаттандырылған жоқ», — делінген хабарламада. Айта кеткен жөн, мемлекеттік білім беру грантын иеленуге үміттенген талапкерлер 2019 жылғы маусым айында өтетін ҰБТ-ны міндетті түрде тапсыруы қажет. Өйткені, наурыз айындағы тестілеуде шекті бал жинаған тестіленуші бұл сертификатымен ЖОО-да тек ақылы негізде оқи алады. Осылайша, наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу түлектерге негізгі тестілеудің алдында өз білімдерін тексеру үшін қосымша мүмкіндік беріп отыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда