jasqazaq.kz

Көктемді Парижде қарсы алғыңыз келе ме?

26 наурыз 2019, 15:30

    Бүгін  Алматыдағы Францияның Бас Консулдығы мен Француз Альянсы бірлесіп ерекше ұтыстың ережесін БАҚ өкілдеріне таныстырды.  Байқауға ниет білдірушілер әлеуметтік желі арқылы сауалнамаға қатысып, ұйымдастырушылар белгілеген сыйлыққа ие бола алады.

Алматыдағы Францияның Бас консулы Алексис Шахтахтинскийдің айтуынша,  бұл Алматыдағы Француз Альянсы базасында өткізілетін көптеген іс-шаралардың бірі. Қазақстандықтардың француз халқының мәдениетін зерттеуге деген қызығушылығын дамыту мен тереңдетуді ынталандыруға арналған екен.  Барлық ниет білдірушілерге 2019 жылдың 26 наурызы мен 2 сәуірі аралығында «Франция Мәдениеті» атты викторинаға қатыса алады.

Викторинаның басты жүлдесі — Парижге сапар, оның ішінде «Корпорация Гранд» турагенттігінің қолдауымен, Air Astana әуекомпаниясының бизнес-классымен Франция астанасына дейін ұшу және заманауи қонақ үйінде тұру. Сонымен қатар, байқаудың жүлделері арасында француз тілін оқыту курстары, француз бижутериясы және тағы басқалар.

Байқау жеңімпаздары сұрақ-жауап сауалнамасында қойылған сұрақтарға барынша дұрыс жауап берген қатысушылар арасында анықталады. Қорытынды 2018 жылдың 6 сәуірінде Алматыдағы Француз Альянсының @afalmaty instagram-парақшасындағы тікелей эфирде жарияланады.

— Біз «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастыруға өте қуаныштымыз, мұндай мәдени шаралар біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады. Алматыдағы Француз Альянсы тілдік курстардың оқыту шарттары мен мазмұнын үнемі жақсартуды басты жолға қойған. Біздің жаңа, ыңғайлы Достық 160 офисіне көшуіміз жетістіктердің бірі деп санаймыз, — деп атап өтті Алматыдағы Француз Альянсының президенті Зульфи Жаркешева.

Байқау шарттарымен Алматыдағы Француз Альянсының және Алматы қаласындағы Франция Бас консулдығының әлеуметтік желілердегі парақшаларында танысуға болады: Инстаграм @afalmaty, Facebook @france.almaty, Instagram @consulatdefrance_a_almaty және #NauryzAParis хэштегі

 

Мақпал Ноғайбаева

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде