jasqazaq.kz

Көктемде Қарағанды бюджетінің 216 миллионы той тойлауға бөлінген

26 қараша 2020, 22:34

Көктемде Қарағанды бюджетінің 216 миллионы той тойлауға бөлінген Қарағанды билігі көктемде ел дәрі таппай тентіреп кеткенде қала бюджетінің 216 миллион теңгесін той тойлауға бөліпті. Тіпті оның 122 миллион теңгесін игеріп те қойған. Пандемия салдарынан мерекелік шаралар аталып өтпесе де, шенеуніктер бұл қаражат мереке күндері қаланы безендіруге жұмсалғанын айтып ақталады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Басында мереке тойлауға 288 миллион теңге бөлінген. Дегенмен төтенше жағдай жарияланып, мамырдағы мемлекеттік үш мереке тойланбады. Осыған байланысты шенеуніктер 72 миллионды бюджетке қайтарып бергенін мақтанышпен жеткізді. Ал қалған 216 миллион теңге тендерді жеңген шымкенттік «Шаңырақ Құрылыс Ком» серіктестігіне бұйырыпты. Олар елдегі төтенше жағдай режимі алынғанда, тамыз айында Конституция және Кеншілер мерекесіне ат салысыпты-мыс. Осы екі күнде той тойланбаса да, қаладағы негізгі ғимараттарды жарықтандыру құрылғыларымен безендірген екен. Бұл үшін мердігерге жалпы соманың 122 миллион теңгесі аударылса, қалған қаражат алдағы мерекелер өткізілген соң берілмекші. Жергілікті атқамінерлер қарашаның көңіл күйін көтеруде «ақша аяуға болмайды» деген сенімде.

Жанболат Тоқмырзин, Қарағанды қаласы ТКШ бөлімінің бас маманы:

— Жаңа жыл – адамдардың көңіл күйі, мереке. Қазір Тұңғыш президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жылға жұмыс атқарып жатырмыз. Біз 12-сәуірде келісімшартқа отырдық. Бүгінгі күн қай күн? Осы күнге дейін атқарылып жатқан жұмыс заң жүзінде іске асып жатыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия