jasqazaq.kz

Көксу ауданына блок бекет қойылды

12 сәуiр 2021, 22:15

Алматы облысының Көксу ауданына блок бекет қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылдың 12 сәуіріндегі жағдай бойынша Алматы облысының Көксу ауданында сәуір айында коронавирус инфекциясының 128 жағдайы тіркелді (наурызда – 85). Көксу ауданы бойынша КВИ жағдайының өсу қарқыны соңғы 2 аптада 1,6%-дан (29.03-04.04) 2,2% — ға (04.04 -11.04) дейін ұлғайды. Соңғы тәулікте КВИ-дің 12 жағдайы тіркелді, өсім қарқыны 1,9% -ды құрады. Көксу ауданының короновирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның аудандық штабының шешімімен және Көксу ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі №54 қаулысы негізінде ауылдық округтерге шығу/кіру жолында таңғы сағат 8-ден кешкі 20:00-ге дейін 9 блок бекет орнатылған», — делінген Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, блок бекеттердің жұмысына аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмылдырылды. Мұндай жұмыстар аудан аумағында коронавирустық инфекцияның одан әрі таратпау мақсатында атқарылуда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде