jasqazaq.kz

Көкшетаулықтар екі күннен бері сусыз отыр

26 ақпан 2020, 15:31

Көкшетау қаласында екі күн бойы су жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24» Коммуналдық қызмет мамандары тұрғындарды судан ажыратқан, себебі, магиcтральді құбыр жарылған. Бүгінде көп қабатты үйлер, мектептер, балабақшалармен өзге де әлеуметтік мекемелер сусыз қалған. Мамандардың айтуынша, ақауды жою үшін учаскенің қаланың ағын суларының басым бөлігі жиналатын жерде орналасқаны қиындық туғызып отыр. Бұл – шамамен 20 мың текше метр. Құбырды ауыстыру үшін коммуналдық қызмет өкілдері тәулік бойы су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Апатты жою жұмыстарына қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары да жұмылдырылған. Қазіргі таңда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға су тасымалдау шаралары қолға алынды. Көкшетаулықтарды сумен қамту үшін жергілікті кәсіпорындардың көліктері де тартылған. Еске салсақ, апат екі күн бұрын №2-ші кәріз станциясында болды. Алты метрлік тереңдікте диаметрі 800 миллиметр болатын құбыр жарылып кеткен.

Амангелді Смайылов, қала әкімі:

– Бүгін су деңгейін төмендеттік. Апатты жою мақсатындағы өзге де шараларды қолға алып жатырмыз. Сондықтан, қала тұрғындарының бұған түсіністікпен қарауын сұраймыз. Коммуналдық апатты жоюға бар күшімізді жұмылдырамыз.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия