jasqazaq.kz

Көкшетаулық студенттерге жатақхана жетпей жатыр

11 қазан 2018, 10:41

Көкшетаудағы мемлекеттік университетте жатақхананың жетіспей жатқаны соншалық, тіпті, университет басшылығы студенттерге арнап қонақ үйден бөлмелер алып бермекші. Алайда бұл оқудан өзге баспана мәселесіне бас қатырып жүрген студенттердің мәселесін толық шеше алмайды. Ал жатақхананың жетіспеуін ректорат не деп түсіндірді?! Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Дамир Бақытжан Көкшетаудағы мемлекеттік жоғары оқу орнының үшінші курс студенті. Жатақхананының жетіспеуінен пәтер жалдап жатқан көп шәкірттің бірі. Тұрғын үйдің төлемақасын жеңілдету үшін бес студент бірігіп тұрып жатырмыз дейді.

ДАМИР БАҚЫТЖАН, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ 3 — курс студенті:

– Пәтерақы төлеу, азық-түлік, жүріп- тұрға кететін шығынды есептегенде әрине студенттерге қиын болып жатыр. Жалпы Университетте жатақханалар салынса нұр үстіне нұр болар еді.

ЕРБОЛАТ АСЫЛБЕКОВ, тілші:

– Жатақхананың жетіспеушілігі тұрғын үйді жалға берушілерге тиімді болып отыр. Тіпті тұрақ іздеген студенттердің көптігінен бос жалдамалы пәтер табу қиынға соғып тұр. Бағалары да шарықтап кеткен. Бір бөлмелі үйдің орташа бағасы шамамен 50 мың теңге.

Биыл Көкшетау мемлекеттік университіне 849 республикалық грант бөлініпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық. Осыншама студенттердің тегін білім алуға мүмкіншілік алғаны қуантарлық жағдай. Десе де, университеттің жатақханасы мұндай өзгеріске дайын болмай шықты.

АМАНАЙ СЕЙТҚАСЫМОВ, тәрбие ісі жөніндегі проректор:

– Жатақханаға деген сұраныс, мұқтаждық 1000 орынды құрап отыр. 500 орыннан екі жатақхана салу жоспарланып отыр. Біреуі аграрлық факультеттің аумағында, екіншісін қала әкімі жерсе орталыққа саламыз деген жоспарамыз бар.

Университет басшылығы жатақхана тапшылығын шешу үшін сондай-ақ, қонақ үйден 100 орынды жалға алу қарастырылып жатқанын айтты. Ал жобалық құжаттар қабылданып, қаржы орталығынан қаражат бөлінсе, келер жылдан бастап жатақхана салу қолға алуды жоспарлап отыр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді